Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында партияның 20 жылдығына арналған кеңес өтті. кеңеске аудан әкімі Ербол Сағдиев және ауылдық округтердің делегаттары қатысты. 2006 жылғы жиырма екінші желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс Х съезінде оны «Нұр Отан» партиясы ретінде қайта атауға ұсыныс түсті. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясының қатарында 1 миллионнан астам адам бар. Партия тарихы егеменді Қазақстанның дамуымен және жетістіктерімен тығыз байланысты.

Партиялықтарды аудан әкімі Ербол Сағдиев құттықтап өтіп, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларымен бөлісті. «Белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда партиялықтар тұрғындардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуды бағыттай отыра белсенді қатысулары қажет» - деді.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары, партияның XVII съезінің делегаты Қайрат Әбілғазин өзінің баяндамасында бүгінгі күні партия нақты адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне партиялық жобаларды іске асыру арқылы әрекет етіп отырғандығын айтты. 2018 жылдың өзінде ғана 20 жаңа жоба шықты. Бүгінгі күні олардың саны – 22. «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша біздің ауданымыздың Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің базасында «ІТ сынып», ал аудандық кітапханада 2018 жылғы 1 желтоқсанда коворкинг-орталық ашылды. Жыл сайын бастауыш партия ұйымдары (БПҰ) арасында «Үздік БПҰ» байқауы өтеді. Аталған байқауға Явленка БПҰ, Волошинка БПҰ, Корнеевка БПҰ және Алматы БПҰ белсенді қатысуда. Жаңа партиялық кадрлық резерв сапалы құрылған, Қазақстандағы ең ірі «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының сұқбат алаңы құрылды. «Жас Отан» жастар қанаты ірі жастар ұйымына айналды. Қазіргі кезде алдыңғы ұстанымға бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары тартылған. Бүгінгі күні біздің ауданымызда 16 БПҰ жұмыс істейді, оларда 3548 партия мүшесі бар. Біз үшін бастауыш ұйым – партияның іргетасы, олардың күн сайынғы жұмыстары – «Нұр Отан» партиясының барлық жетістіктері мен табыстарының негізі.

Кезекті съезде негізгі мақсаты – біздің азаматтарымыздың тұрмысын, өндірісті. шағын және орта бизнесті жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысы, біздің партиямыздың Көшбасшысы қойып отырған міндеттерді айқын орындау болып табылатын біздің тұрмысымыздың барлық бағыттары бойынша «Nur Otan» партиясының жаңа бағдарламасының 2030 жылға дейінгі 10 мақсаты жарияланды.

Ең басты басымдылықтар қатарына 29698 теңге құрайтын атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс минимумынан 70% дейін арттыру жатады. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңгедей сомада минималдық төлем орнатылады және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жәрдемақы 30% көтеріледі. Бұл 100 мың адамды қозғайды. Осы міндеттерге 2019-2021 жылдарға қосымша 300 миллиард теңге бөлінетін болады. Әлеуметтік салаға шығындардың артуы айрықша белгіленген. 1 шілдеден бюджеттік қызметкерлерге еңбекақылары 30%, ал аудандық деңгейде азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төмендегі қызметкерлеріне 25% дейін көтерілетін болады. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетін болады.

Бүгінгі күнге дейін көкейкесті сұрақтардың бірі болып алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі қалады. Енді АМСК шығындары 40-тан 60%-ға дейін ұлғайды. Осы міндетті дамытуға денсаулық сақтауға 120 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Маңызды басымдылықтарға еліміздің барлық тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету және ауқымды газдандыру жүйесін жүргізу жатады. Сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қосымша 140 миллиард теңге бөлінеді. Бұл осы салада 2 миллионнан астам біздің азаматтарымыздың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Ары қарай экономикалық қайта жаңғыртуда ауылдардың рөлі ерекше. Мемлекет басшысы үкіметке «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырды. Ауылда қазір еңбекақы тауып, лайықты өмір сүруге, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға өзінің әлеуеті бар. Бұл үшін ауылдарда тұрғын үйлер, жолдар, коммуникация салып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Адамдардың өмірін жақсарту бойынша шараларды қабылдауға 2 триллион 350 миллиард теңге бөлінді. Бұны бақылау «Nur Otan» партиясына тапсырылды. Съезде өңірлерді дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, аз қамтылғандарға қолдау көрсету, жол, тұрғын үй құрылыстары, медициналық көмек көрсету үшін қабылданған тарихи шешімдер – өте өзекті, олар әрдайым халықтың назарында болады. Барлық бөлінген қаражаттар партияның, депутаттық корпустардың қатаң бақылауында болады.

Партия «Халыққа көмек» жобасын бастады, бұнда біздің азаматтарымыздың көкейтесті сұрақтары шешілетін болады. Бұл жобаны жүзеге асыру бойынша шаралардың бірі – бұл еліміздің бар жерінде жұмыс істейтін қоғамдық қабылдаулар болып табылады. Олар біздің азаматтарымыздың мәселелерін шешу үшін бірыңғай әлеуметтік терезе болады.

Волошинка бастауыш партия ұйымының жұмысы туралы БПҰ төрайымы, ауылдық округ әкімі Антонина Плеханова айтса, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысы туралы Валентина Трушникова ақпарат берді.

Содан кейін Қайрат Әбілғазин «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының Алғыс хатын партия белсендісі, №1 Явленка орта мектебінің директоры Замира Рахиеваға, партия белсендісі, Бұлақ орта мектебінің директоры Бердібек Тоқпановқа, партия белсендісі, Волошинка ауылдық округінің әкімі Антонина Плехановаға, «Агрофирма Есильская» ЖШС-і директоры Серік Женапиновке, партия ардагері, партия белсендісі, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Гүлнәр Шұнғұлшинаға тапсырды.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Алғыс хатымен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Галина Стороженко, ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Әбілмәжінова, Заградовка ауылдық округінің әкімі Берік Төлегенов, Явленка ауылдық округінің әкімі Мінайдар Тілеукин, Покровка ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бимақанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Төлеген Бұжықаев марапатталды.

Партия күні партиялық билет Николаевка ауылдық балабақшасының қызметкері Әсемгүл Боранбаеваға, Николаевка ауылдық балабақшасының бухгалтері Мария Фукске, Амангелді орта мектебінің жұмысшысы Людмила Варгановаға, Амангелді орта мектебінің мұғалімі Марина Рахимоваға тапсырылды.

 

басқа жаңалықтар