Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

АУЫЛДЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

АУЫЛДЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Он екінші сәуірде Явленка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Ербол Сағдиев қатысты.

Бірыңғай жинақтық төлем (БЖТ) туралы бірінші сұрақ бойынша ақпаратын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Төлеген Бұжықаев баяндады. Бірыңғай жинақтық төлем формалды емес жұмыспен қамтылған адамдарға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, медициналық қызметтер қолжетімді болады, жинақтық зейнетақы жүйесіне қатыса алады, еңбек өтілінің белгіленуіне байланысты ұлғайған көлемде базалық зейнетақыны, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді ала алады, сондай-ақ әлеуетті несиеге қабілеттілігі да артады.

Негізгі сұрақ – ауылды абаттандыру жөнінде болды. Явленка ауылдық округінің әкімі Мінайдар Тілеукин өзінің есептік ақпаратында ауылды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндады. Әр үйдің тазалығы үйлерді ғана емес, сонымен қатар ауылды да көркейтеді. Тұрғындар мен жеке кәсіпкерлердің көбі бұған түсіністікпен қарамайды. Абаттандыру ережесін бұзғандығы үшін кінәлі заңды және жеке тұлғаларға «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілік жүктеледі. Абаттандыру ережелерін бұзғандығы үшін әкімшілік хаттамалар полицияның учаскелік инспекторлары, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері де сала алады. Ағымдағы жылы ауылдық округтің әкімі 9 әкімшілік ескерту, 2 айыппұл салды.

Сұхбат барысында түскен сұрақтарға аудан әкімі жауап беріп, Явленка ауылын абаттандыру жоспарларымен бөлісті.

Жолдардағы сынған әйнектер, әсіресе балалар жасайды, онымен қалай күресу жайлы сұрақ бойынша аудан басшысы тазалықты әр адам өзінен бастау қажеттігін айтты. Тәртіпті сақтау үшін бұзушылықтың осындай және басқа да түрлерін жоюға мүмкіндік беретін бейнебақылау камераларын көбірек орнату қажет. Жылумен қамту сұрағы бойынша: қазіргі уақытта 2 қазандық, 680 метр жылу трассасы ауыстырылуда, «Қамқордың» несиелік борышымен айналысуда, шешу жолдары қарастырылуда.

Православтардың қорымына дейінгі және Центральная көшесі бойынша автостанциядан емханаға дейінгі жолды жөндеу бойынша: жеке кәсіпкерлермен жолға төсеу, қоқысты шығару және жол төсемін қалыпқа келтіру бойынша келісім бар.

Зейнеткерлерге газ жеткізу, А.Мүсірепов көшесі бойынша шектегіш орнату бойынша сұрақтар бақылауға алынды, ал малды бағу құны бойынша аудан әкімі жеке жиын өткізуді ұсынды. Ауыл көшелері бойынша тұрғындардан қоқысты шығаруды ұйымдастыру жайлы ұсыныс түсті. Ол үшін орындаушыны белгілеу қажет, онымен келісімшарт жасап, бәріне қолайлы болатын қызметтердің кестесі мен бағасын анықтау керек.

Жиынға қатысқандар Ф.Токаревтың ескерткішін орталық саябаққа ауыстыру туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Содан кейін Ербол Болатұлы Явленка ауылын абаттандыру бойынша жоспарларымен бөлісті: Береговая көшесін толықтай қайта құрып, Набережная көшесіне айналдыруды жоспарлануда: гүлзарлар егу, бұрқақ орнату, жүгіру жолын жасау. Қыстың күні шаңғы тебуге болады. Мақтай Сағдиевтың есімін беру жоспарланып отырған атаусыз көшеде «Жұлдыз» дүкенінің бұрышынан «Қазпошта» АҚ дейін бульвар жасалатын болады, ол жерде жол болмайды, гүлзарлар егіліп, бұрқақ қойылады, барлық аумаққа тас төсеуіштер төселеді.

Ағымдағы жылы Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің аумағы қоршалып, ғимаратқа кіреберіс дұрысталады, мектеп аумағына гүлзарлар егіледі. Явленка ауылының әлеуеті жоғары, кіреберіс жолға жөндеу жасау жоспарланып отыр. Явленка ауылдық округінің аумағында ағымдағы жылы үш 27 пәтерлік үйдің, сондай-ақ бассейні бар денешынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылысы басталады.

басқа жаңалықтар