Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА ЗАҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА ЗАҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданы пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері тұрақты түрде Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалармен алдын алу сипатында әңгімелер жүргізеді, сондай-ақ есепте тұрғандарға қылмыстық-атқарушылық жүйесіне қатысты ҚР нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгертулер бойынша түсіндіріледі.

Осылайша қазіргі уақытта есепте тұрған тұлғаларды 2019 жылғы 3 ақпаннан қолданысқа енгізілген 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының нормаларымен таныстыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда ҚР ҚАК 67 б. 2 бөлігінің 3-тармақшасымен, онда жоғарыда аталған Заңмен келесі редакцияда баяндалған: «сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде тоқтатылған жағдайда, сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасауы».

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданы пробация қызметімен пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан азат етілген азаматтарды ақтап шығару бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде.

басқа жаңалықтар