Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ӨЗ БОРЫШТАРЫН ОРЫНДАДЫ

ӨЗ БОРЫШТАРЫН ОРЫНДАДЫ

Екінші сәуір күні сағат 10-нан 45 минут өткен кезде ауданның полиция бөлімінің кезекшілік бөлігіне ӨБ-10 кезекшісінен Явленка ауылының Гагарин көшесі, 16 мекенжайы бойынша 3 бөлмелі барақ типтес үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Аталған мекенжайға өрт сөндірушілер жедел шығады. Хабарламаны алғаннан кейін полиция бөлімінің кезекшілік бөлігінің инспекторы полицияның учаскелік инспекторы, капитан Бірімжан Аяғановты оқиға орнына жібереді. Ол ӨБ-10 өрт сөндірушілерімен қатар келіп қалады. Шындығында да 3 бөлмелі үй жанып жатады, үйдің дәлізі мен құрылыстың оң бөлігі өртке оранған. Куәгерлерден өрт шыққан пәтерде қыз баланың қалғанын білген капитан Бірімжан Аяғанов азаматтық қорғау бойынша кіші сержант Азат Бектасовпен бірге терезені сындырып, түтінге оранған бөлмеден абыржып, жылаған қызды алып шығады. Одан құжаттардың қайда жатқандығын сұрап, қайтадан бөлмені қарап өтіп, құжаттарды да алады.

 

басқа жаңалықтар