Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ЖАҢА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бірінші наурыз күні Явленка ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімінде Арнайы ХҚКО секторының ашылу салтанаты өтті. СҚО ІІД әкімшілік полициясының тіркеу-емтихандық құрылымының қызметкерлері көлік құралдарын тіркеуді рәсімдеу және жүргізуші куәлігін ауыстыруды жасау бойынша қызметтерді көрсететін болады.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Ербол Сағдиев, СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҮЕАҚ филиалы директорының орынбасары Серік Бейсенов, СҚО ІІД тіркеу-емтихандық бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сергей Гизбрехт қатысты.

Арнайы ХҚКО-мен көрсетілетін аталған қызмет аудан тұрғындарына көлік құралдарын тіркеуді тезірек рәсімдеуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша қызмет «электрондық үкімет» порталында да жүзеге асырылады. Жүргізуші куәлігін рәсімдеу жағдайында азамат порталда ұсынылған тізімдерден дайын куәліктерді қай ХҚКО-дан алуды өзі таңдай алады.

 

басқа жаңалықтар