Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Егеменді еліміздің туын төбемізге тігіп, бар әлемге танылып жатқан кезеңде еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі – бүгінгі ұрпағымыз. Демек, тәрбие жүйесін жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. 

Біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – жыл сайын білімді, ақылды балалармен толығып келеді. Оқушыларымыздың отбасына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бойларында патриоттық сезімдерін күшейту мақсатында мектебімізде Ауған соғысының ардагерлерімен болған кездесу мол әсерін қалдырды.

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп, Ауған соғысына қатысқан ағаларымызды қуана қарсы алдық. Олар: Мұхаметжанов Жоламан Жеңісұлы – «СҚО Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ төрағасының орынбасары, Қоспанов Асхат Жақсылықұлы – зейнеткер, төтенше жағдайлар қызметінің ардагері, Жантуғанов Серкелбай Төлемісұлы – механизатор, Мусин Сайран Шәріпұлы – жеке кәсіпкер. 

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін асыл мұраларымызды батыр ағаларымыз мектеп мұражайында тамашалап, естелік, тілектер жазып, жүрегімізді тебірентті. Жаужүрек, батыр ағаларымыздың әр сөзі, ақыл ойлары, жүріс-тұрыстары кез келгенімізді есейтіп жібергендей әсермен оларға мықты денсаулық, отбасыларының амандығын, еліміздің тыныштығын тілеп, ерен ерліктерін мәңгі есте ұстауға бекіндік.

Жылдар жылжып өткенімен ардагерлеріміздің ерлігі мәңгі есімізде сақталады.

Ауған соғысындағы ардагерлердің естеліктері, ерліктері жайлы болған кездесу Отанға деген патриоттық сезімдерімізді ұштап, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымызға құрметімізді күшейте түскендей болды.

 

басқа жаңалықтар