Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ҚҰРМЕТПЕН ЖӘНЕ АЛҒЫСПЕН ЕСКЕ АЛАМЫН

ҚҰРМЕТПЕН ЖӘНЕ АЛҒЫСПЕН ЕСКЕ АЛАМЫН

Ұлы Отан соғысы, фашисттік Германияның КСРО-ға опасыз шабуылы Кеңес адамдарын дүр сілкінтті. Отанын қорғауға бар халық аяғынан тік тұрды, алайда негізгі ауырлықты кеңес әскері арқалады, олардың арасында біздің жерлестеріміз – явленкалықтар да бар.

Олар – С.С.Бектасов, И.Г.Гурцаков, П.П.Голоденко және тағы басқалар.

9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Сабыржан Сақтағанұлы Бектасовты құрметпен және алғыспен еске аламын.

Ұлы Отан соғысына Сабыржан Сақтағанұлы зауыттағы қарапайым токарь болып жүріп, 1943 жылы 18 жасында Ташкент пулеметтік училищесінің курсанты ретінде қатысады.

Оқуды аяқтаған соң 2 Украина майданының пулеметтік взводының командирі, әскери жолдасы Иван Григорьевич Гурцаковпен бірге фашист басқыншылығынан Украинаны, Польшаны, Венгрияны, Чехословакияны, Австрияны және Германияның өзін босатуға қатысқан.

Соғыста ажал әр қадамыңды аңдып тұрады. Сабыржан Сақтағанұлы 1944-1945 жылдары қысқа мерзім ішінде екі рет жараланады. Ал 1945 жылы 9 мамырда Прага қаласын жаудан азат ету кезінде ауыр зақым алады, госпиталь бастығы, жерлесі, дәрігер Н.И.Лобачовтың арқасында тірі қалады.

Әскери ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», 1 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген әскери медальдармен марапатталады. 1947 жылы еліне оралады, алайда 1951 жылы қайтадан Кеңес Әскері қатарына шақырылып, одан төрт жылдан кейін капитан атағымен запасқа шығады.

1955 жылдан зейнеткерлік демалысқа дейін, республикалық маңызды зейнеткер Ленин ауданында әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің меңгерушісі, «Корнеевский», «Заградовский» кеңшарларының партиялық комитеттерінің жалпы аудандық атқарушы комитеттерінің хатшысы, партияның аудандық комитетінің хатшысы, халықтық бақылау аудандық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. Еңбек қызметі үшін де «Құрмет Белгісі» ордені, медальдар секілді үкіметтік марапаттарға ие болды. ол қарапайым, адал, мейірімді, қайырымды адам болды.

Сен жайлы мәңгі естелік менің жүрегімде қалады, Әке!

 

басқа жаңалықтар