Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ТІЛЕК ОРЫНДАЛДЫ

ТІЛЕК ОРЫНДАЛДЫ

9 сәуірде Двинск ауылында аудан әкімі Ербол Сағдиевтың қатысуымен өткен жиында ауыл тұрғындары клуб ашу туралы сұрақты көтерген болатын. Клубқа арналған ғимарат бар. Тек ағымдағы жөндеуді жасап, музыкалық аппаратура алу ғана қажет.

Ербол Болатұлы оны іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу барысында Двинск ауылында салтанатты жағдайда ауыл клубы ашылды. Аталған мекеме ауыл өміріне, мәдени құндылықтарды нығайтуда оң өзгеріс әкелері сөзсіз. Ауыл тұрғындары денешынықтырумен және спортпен айналысып, бос уақыттарын өткізе алады.

Аудан әкімі Ербол Сағдиев ауыл тұрғындарын мерекемен және клубтың ашылуымен құттықтады. Ол атқарушы билік қойған міндеттің жүзеге асырылғанын және оның куәсі өмір сапасын жақсартуға бағытталған мәдени орталықтың ашылуы болып табылатындығын айтты. Мекеме болашақта ауыл өміріне оң өзгерістер енгізетіні анық, ал ауыл тұрғындары өз кезегінде елді мекендерін абаттандыруды жоғары деңгейде ұстап, әр отбасы өз әл-ауқатын жақсартуға тырысуы қажет. Аудан басшысы зор денсаулық, еңбекте табыс, әр отбасыға бақыт және игілік тіледі.

Сыйлыққа музыкалық аппаратура мен жарықмузыкалық құрал тапсырды.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарын Торанғұл ауылдық округінің ардагерлер мен қоғамдастық кеңесінің төрағасы Анатолий Блохин да құттықтады. Лентаны кесу құрметі ауылдық округ әкімі Данияр Қозыбаевқа және Анатолий Блохинге ұсынылды.

Шашу шашылып, мереке қонақтары ғимаратқа кірді. Ербол Болатұлы тұрғындарды құттықтап өтіп, «Надежда» әнін сыйға тартты. Содан кейін концерттік бағдарламаны Торанғұл Мәдениет үйі мен орта мектептің вокалдық тобы жалғастырды.

 

басқа жаңалықтар