Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК

ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған ауыл.
«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Әркімнің өз жері – жұмақ. Әр адамға өз туған жері ыстық дегені рас. 
Осыған орай біздің балалар кітапханасында «Есіл ауданын жақсы көр және біл!» деген атаумен біздің ауданның ауылдарының мерейтойына арналған өлкетану сағаты өткізілді. Өлкетану сағатына №3 кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Явленка орта мектебінің  8 «а» және 8 «б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басында балаларға кітапханашы Кәкима Айтанқызы Ильинка, Александровка, Николаевка ауылдарының 125 жылдығына және Явленка ауылына 140 жыл толуына орай әр ауылдың пайда болу тарихы туралы маңызды түрде әңгімелеп, статистикалық  мәліметтер және әр ауылдың тарихы мен дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы өрбітті. Өлкетану сағатына мұражай қызметкері Әсел  Қасым қатысып, ол балаларға атақты жерлестеріміздің құжаттары, фотосуреттері және заттары туралы мағлұмат берді. Оқу залында «Туған жерім – алтын бесігім» атты көрме-инсталляция ұйымдастырылды, онда жергілікті тарихи басылымдар мен экспонаттар қойылды, оқушылар қызыға мұражай экспонаттарды тамашалады. Кәкима Айтанқызы алған білімдерін нығайту үшін балаларға арналған «Туған өлкемнің білгірі» викторинасын өткізді, онда балалар өз білімін жақсы көрсетті. Кеш соңы өз туған жерімізді, Отанымызды қастерлеп және атақты жерлестерімізді әрқашан ұмытпай, бағалай білуіміз керек деген тұжырыммен аяқталды.

 

басқа жаңалықтар