Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Солтүстік Қазақстан облысы

ТУҒАН ЖЕРІМ КӨРКЕЕ БЕР!

ТУҒАН ЖЕРІМ КӨРКЕЕ БЕР!

Петровка ауылдық округінің базасында Есіл ауданының ардагерлердің бастауыш ұйымдарының төрағаларымен ««Рухани жаңғыру» ұлттық жобасындағы міндеттерді жүзеге асыру және «Болашаққа бағдар» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласындағы идеяларды өмірде іске асыру бойынша ауданның ардагерлер активінің жұмысы туралы» тақырыбы бойынша аудандық семинар-кеңес өтті.

Семинар жұмысына аудан әкімі Ербол Болатұлы Сағдиев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жангелді Тажин қатысты. Семинар-кеңестің модераторлары рөлін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Мұқашев және Петровка ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Иговцова орындады.

Петровка ауылдық округінің ардагерлер кеңесін Қазақ КСР еңбегі сіңген педагогі, ауылда нәтижелі жұмыс атқарып жүрген Тамара Павловна Иговцова басқарады. Оның қатысуынсыз бірде-бір іс-шара өтпейді деуге болады. Семинарды аша отыра ол: «Маған әсіресе, біздің Тұңғыш Президентіміздің «Жастарға рухыңның мықтылығының, отаншылдықтың және азаматтық батылдықтың үлгісін сендер көрсетпегенде кім көрсетеді, жас ұрпақты туған жерге деген сүйіспеншілікке және оны мақтаныш етуге сендер дағдыландырмасаңдар, басқа кім» деген сөздері ұнайды», - деді.

Бұдан кейін ардагерлер кеңесінің төрайымы ардагерлердің әлеуетінің жоғарылығын және олардың өзекті деген сұрақтарды шешуге де өз үлестерін қосып отырғанын атап өтті. Ардагерлер еліміздің өмірінде құрметті орынды иеленіп отыр.

Семинар ардагерлер кеңесі кабинетінің таныстырылымынан басталды.

Таныстырылымды Екатерина Удачина дайындапты. Ол педагог ретінде өзінің қызметін ардагерлер кеңесінің жұмысына белсене қатысу арқылы жалғастыруда. Екатерина Ивановна ауылдың байырғы тұрғындарының естеліктеріне, Петровка мектебінің мұражайының және «Ишим» аудандық газетінің материалдарына негізделген, округтің өмірі туралы бірегей, қызықты әрі мазмұнды материал әзірлепті. «Өткенсіз қазіргі шақ та, болашақ та мүмкін емес», - дейді ол.

Оның сөзінен ауыл тарихы – бұл өмірбаяндары елдің дәуірін бейнелейтін адамдар деген ой білінеді. Әр ардагердің өмірі туралы айтылған соғыс ардагерлері туралы альбом қатысушылардың ерекше қызығушылықтарын тудырды. Ол сондай-ақ Петровка балалар үйі туралы да тарихи және терең мәнді материал жинапты. Таныстырылымда жиналған материал ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді деген ой түйілген. Екатерина Ивановна ауылда білімді тарихи-өлкетанушы Елена Сидоркина тұрғандығын, оның жұмысын мектептің тарих магистрі Владимир Татаренко жалғастырғандығына да тоқталып өтті. Семинарға қатысып, альбомдармен және буклеттермен танысқаннан кейін, мені «Удачиндер әулеті туралы» материал қызықтырды.

-Ауыл еңбеккерлері әр жылдары ауылдың басты байлығы болды және болып қалады, - дейді Екатерина Ивановна. Сонымен қатар ол ардагерлер кеңесінің жұмысына ауылдық округ әкімі Оралбек Қоңқабаев пен «Есіл-Петровка» ЖШС-і директоры Николай Ионовтың, ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Геннадий Викторовтың белсенді қатысып отыратындықтарын да айтты.

Семинар қатысушыларының алдында аудан әкімі Ербол Болатұлы Сағдиев сөз сөйледі. Ербол Болатұлы біздің ауданымыздың тумасы, ол әкімдікте шамалы кезеңдей ғана жұмыс атқарып жатса да біздің ауылымыздың қалай тұрып жатқандығын толық біледі. Оның сөзінен Отанына деген сүйіспеншіліктің патриоттық лебі сезіледі. Аудан басшысының аудан өмірі туралы қызықты сұқбаты қатысушылардың қызығушылықтарын ғана тудырып қоймай, сонымен қатар терең ойға да шомдырды. Ербол Болатұлы барлық уақытта да қоғамда бірінші орында рухани мәселелер тұрғандығын, ал өздерінің кабинеттерін таныстырып, петровкалықтар іс жүзінде тұрғындар арасында адамгершілікке және патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстар қалай жүргізіліп жатқандығын көрсеткенін атап өтті. Аудан әкімі «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасында және «Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында қоғамдағы басты міндеттер азаматтық және патриоттық тәрбиелеу болып табылатындығына ерекше тоқталды. «Қоғамдық сананы жаңғыртуда мынадай сөздер бар: бұл халықтың өткенін, қазіргі шағын және болашағын байланыстыратын тұғырнама», - деді аудан әкімі. Сондай-ақ ол жаңа жағдайларда өмір сүру үшін әрқайсымыздың өзгеруімізді және тұрақтылық пен көркею үшін халықтың бірлігі мен барлық қазақстандықтардың үйлесімді жұмысы қажеттігін атап өтті.

Ербол Болатұлы ардагерлер кеңесіне жемісті жұмыс тілеп, ноутбук сыйлады. «Есіл-Петровка» ЖШС-і директоры Николай Ионов шаруашылықтың күшімен ардагерлер кеңесі кабинетінің заманауи деңгейде жөнделгенін айтты. «Жердегі ең басты кәсіп – ол адам болу», - дейді ол. Сондай-ақ ол ардагерлер ұйымының ауыл өміріндегі үстем ұстанымын және көшбасшысы Тамара Иговцованы атап өтті. Удачиндер жанұясы «Петровка ауылдық округінің ардагерлер ұйымының өмірінен» атты фильм көрсетті. Ауыл өмірінің сюжеттері ешкімді де бейжай қалдырмады.

Семинардың екінші бөлігінде ««Рухани жаңғыру» ұлттық жобасындағы міндеттерді жүзеге асыру және «Болашаққа бағдар» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласындағы идеяларды өмірде іске асыру бойынша ауданның ардагерлер активінің жұмысы туралы» тақырыбы бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Мұқашев, Жастар жылы Петровка ауылдық округінің ардагерлер ұйымының жаппай ұйымдастыру және саяси-тәрбиелік жұмысы туралы, әскери-патриоттық, адамгершілік тәрбие, сондай-ақ бұл жұмыстың ауыл өмірінің қоғамдық белсенділігіне әсері туралы Тамара Иговцова, Амангелді ауылдық округінің басқа қоғамдық бірлестіктермен, мектеппен, кітапханамен, этномәдени бірлестіктермен, учаскелік инспектормен іскери бірлестік туралы жұмыс тәжірибесі туралы Надежда Тишевская, ардагерлерді мәдени бос уақытты ұйымдастыруға, аулаларды абаттандыруға қатысуға тарту туралы Бесқұдық ауылдық округінің төрайымы Зинаида Кудрявцева баяндады.

Семинар-кеңестің соңғы бөлігінде петровкалықтар «И будет жить село родное, и будет петь в селе гармонь» деген әннің сөздерін бейнелейтін ұранмен концерттік бағдарлама көрсетті. Музыкалық бағдарламаны Петр Удачин әзірледі.

Аудан әкімі Ербол Болатұлының орындауында «Надежда» әні көрермендер қошеметіне бөленді.

Семинар қатысушылары аудан басшысының шығармашылық қабілеттерін де атап өтіп, қатаң түрде сұрап қана қоймай, қажет кезде сахнаға да шығатындығын айтып жатты. Семинар қорытындысын модераторлар – Төлеген Мұқашев пен Тамара Иговцова жасады.

Содан кейін семинардың барлық қатысушылары бай дастарқан басына отырды. Семинар қатысушыларының өтініші бойынша Татьяна Клен әдемі әнін шырқады. Бір сөзбен айтқанда, біздің ардагерлеріміз әлі де қатарда.

 

басқа жаңалықтар